Ыбырай Алтынсарин мавзолейіне жасалған рухани-танымдық саяхат
Туған өлкенің тарихын білу, оның киелі топырағынан шыққан ұлы тұлғаларды танып-білу – жас ұрпақтың парызы ғана емес, рухани дамудың бастауы. Осы мақсатта Қостанай аудандық балалар кітапханасында бірнеше жылдан бері жұмыс істейтін «Таза бұлақ» атты үйірме өз жұмысын жүйелі түрде жалғастырып келеді. Бұл үйірмеге Нұржан Наушабаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары белсене қатысып жүр. Үйірменің басты ерекшелігі – балаларға табиғат аясында, тарихи орындарда, музейлер мен мәдени орталықтарда танымдық сабақтар өткізуі. Осындай ерекше сабақтардың бірі жуырда қазақ ағартушылығының негізін қалаушы – ұлт ұстазы [...]