Қарттар – ауылымыздың асыл қазынасы
«Қарттары бар ел - қазыналы ел» демекші, үлкендеріміздің орны қашанда ерекше. Олар - халқымыздың тарихын бүгінге жеткізуші, болашаққа жол көрсетуші асыл қазынамыз. 1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай ауылдық клубта мерекелік шара ұйымдастырылды. Ақ дастархан жайылып, ауыл ақсақалдары мен аналарымызға ерекше құрмет көрсетілді. Сонымен қатар ауыл өнерпаздары әсем әндер шырқап, күмбірлеген күйден шашу шашты. Оқушылар жүрек жарды өлеңдерін оқып, үлкендердің ыстық ықыласына бөленді. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын демекші» Айсары ауылдық округінің әкімі Нұрғазин Бауыржан Ерденұлы құттықтау сөз сөйлеп, қарттарға [...]












