Қостанай ауданының әкімі мұсылмандарды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады
Құрметті жерлестер! Барша мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Қасиетті Рамазан айы исламның ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлерін айшықтап, оның ең басты рухани құндылықтары – мейірімділік, жомарттық және қайырымдылықты дәріптейді. Бұл айда әлем мұсылмандары жүректерін жаман ойлар мен жағымсыз сезімдерден тазартуға ұмтылады. Біздің халқымыз өз ісімен исламның бейбітшілік пен төзімділік, жасампаздық пен келісім діні екенін әрдайым дәлелдеп келеді. Елімізде Рамазан айы тек мұсылмандарды ғана емес, барлық қазақстандықтарды біріктіретін қасиетті кезең. Қазақстанда мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы өзара қарым-қатынастың тұрақтылыққа, бейбітшілікке және [...]












