Жастар арасындағы қылмыспен күрес жүргізіліп жатыр
2013 жылдан бастап жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың саны 60%-ға қысқарды. Алайда ағымдағы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша олардың 11%-ға өсуі байқалды. ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында осы мәселеге тоқталды. Негізінен жастар мүліктік қылмыстар жасайды. Ол барлық қылмыстың 75%-ын құрайды. Олардың жасалуының ең басты себебі – ата-аналар тарапынан балалардың мінез-құлқын тиісті бақылаудың болмауы. Статистикаға сәйкес әр 4-ші қылмысты кәмелетке толмағандар түнде жасайды. Осы орайда жыл басынан бері 91 мыңнан астам ата-ана, сондай-ақ 1,6 мыңға жуық [...]












