2024 жылдың 22 сәуірінде Еуразиялық банк Mastercard жаһандық «Бағасыз ғаламшар» бастамасына қосылған Қазақстандағы бірінші компания болды
Коалиция климаттың өзгеруіне қарсы күреске үлес қосу үшін дүние жүзіндегі компанияларды біріктіреді. Экологиялық жобаларды қолдау банктің тұрақты даму стратегиясының маңызды элементі болып табылады: бұрын Еуразиялық банк қайта өңделген пластмассадан жасалған Эко-картаны шығаруды бастады, ол елдегі жасылдандыруды және қалдықтарды сұрыптауды қолдауға мүмкіндік береді. Мәселен, соңғы екі жылда Астана, Алматы және еліміздің басқа да қалаларында түрлі ағаштар отырғызылды. Бүгінгі таңда Mastercard жаһандық «Бағасыз ғаламшар» коалициясының мүшесі бола отырып, банк өзіне, болашақ ұрпақ үшін ғаламшарды қорғауға ғана емес, сонымен қатар қоғамдық [...]












