Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қалай және қайда өтеді
8-13 қыркүйек аралығында Астанада этникалық спорт түрлері бойынша халықаралық спорттық жарыстар - V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден екі мыңнан астам адам қатысады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Ойындар үш бағыт, яғни спорт, мәдениет және ғылым бойынша өтеді.Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының инфрақұрылымына елордалық 6 нысан кірді: «Астана-Арена» стадионы, «Қазанат» ипподромы, Ж. Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы, «Алау» Мұз айдыны сарайы, «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешені, «Думан» кешені. «Қазанат» ипподромында және Этноауыл аумағында ат жарысы, дәстүрлі садақ ату және құстармен аң [...]












