Шалқар дарын иесі – Жұмекен
Еңбек ауылдық кітапханасында 8-сынып оқушыларына «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнінің авторы Жұмекен Нәжімеденовке арналған «Шалқар дарын иесі – Жұмекен» атты әдеби-лирикалық сағат өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпаққа ақынның бай мұрасын таныстырып, оның шығармалары арқылы рухани құндылықтарды насихаттау. Сондай-ақ, оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын арттырып, қазақ әдебиетіне деген сүйіспеншілігін ояту көзделді. Кездесу барысында оқушылар ақынның терең мағыналы, көркем тілімен өрнектелген өлеңдерін мәнерлеп оқып, оның өмір жолы мен шығармашылығы жайлы тың [...]












