Биылғы құрылыс маусымы аясында бірқатар жолдың құрылысы басталады
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биылғы құрылыс маусымы аясында 13 мың шақырым жол қамтылады. «Қарағанды – Жезқазған», «Ақтөбе – Ұлғайсын», «Атырау-Доссор», Сарыағаш, Петропавл, Қызылорда және Рудный қалаларының айналма жолдарының құрылысы жүзеге асады. Құрылысы осы кезге дейін басталған жалпы ұзындығы 2 мың шақырымнан асатын "Қалбатау – Майқапшағай", "Күрті – Қонаев", "Қызылорда– Жезқазған" және "Ұзынағаш – Отар" жолдарының реконструкциясы жалғасады. Ел тұрғындары жиі қолданатын облысаралық және ауданаралық жолдарды орташа жөндеу бағдарламасының маңызы зор. 7 мың шақырым жол орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Олардың қатарында "Жезқазған – [...]












