Тұрғын үй мәселесін шешудегі маңызды қадам: Қостанай ауданында 100 пәтер алынбақ
Қостанай ауданында тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Жуырда аудандық мәслихаттың кезекті сессиясында аудан бюджетіне енгізілген өзгерістер аясында тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған маңызды шешімдердің бірі қабылданды. Атап айтқанда, облыстық бюджеттен бөлінген 1,6 миллиард теңге көлеміндегі кредит қаражаты тұрғын үй сатып алуға бағытталмақ. Бұл қаражатқа Қостанай ауданында жалпы саны 100 пәтер сатып алу жоспарланып отыр. Жоспарға сәйкес, бір шаршы метрдің құны 330 мың теңге болып белгіленген. Сатып алынатын тұрғын үйлердің жалпы көлемі шамамен 6 мың шаршы метрді құрайды. Осылайша [...]












