Мемлекеттік басқару академиясы: құжаттарды қабылдау
2025 жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына құжаттарды қабылдау басталды. Өтініштер «Admission» ақпараттық жүйесі арқылы онлайн форматта қабылданады. Құжат тапсыру 2025 жылдың 25 маусымына дейін жалғасады. Академия 12 білім беру бағдарламасы бойынша оқуға қабылдайды, олардың ішінде 9-ы – магистратура, 3-і – докторантура бағдарламалары. Магистратура бағдарламалары: «MPA – Мемлекеттік басқару», «MPP – Мемлекеттік саясат», «MIR – Халықаралық қатынастар», «ME – Экономика», «MRD – Өңірлік даму», «MHRM – Адами ресурстарды басқару», «MDPA – Цифрлық мемлекеттік басқару», «EMPA – [...]












