Армандарға апарар алтын көпір
Көңіл толқыған қоштасу сәті… Қанша рет дайындалып, ішімізден сан мәрте қайталасақ та, дәл осы мезет келгенде жүрек шым етіп, көңілге сағыныш ұялайды. Себебі біз он бір жыл бойы өміріміздің мағыналы, мәнді сәттерін өткерген алтын ұя – мектебімізбен қоштастық. Мен үшін мектеп – білім мен тәрбие ғана беретін мекеме емес, болашаққа бастар жолды көрсеткен шамшырақ іспетті. Сол шамшырақ – Нұржан Наушабаев атындағы мектеп-гимназиясы. Бұл киелі білім ордасы – менің жүрегімнің төрінен орын алған, арманға жетелеген алтын көпір. Қазақы болмысты сақтап, рухани құндылықтарды [...]












