Игілкті істер жасай берейік!
Ислам әлемі үшін қасиетті, берекеге толы, он екі айдың сұлтаны саналатын Рамазан айы басталғалы Мәскеу ауылындағы намазханаға келушілер саны арта түсуде. Мешітте алқа мүшелері де сайланған. Рамазан - жылына бір рет келетін, сауаптар еселеніп жазылатын қасиетті ай. Осы қасиетті айда ауылымыздың тумасы Кузайбин Нұрлан Сергович және Қостанай азаматы Фларитұлы Тимур намазханаға 9 дөңгелек үстел және газ плита қазан ошағымен сыйға тартты. Мешіт – ұлы мәдениеттерге, адамгершілік пен ізгілікке, рухани құндылықтарды қасиеттей білуге тәрбиелейтін қасиетті орын екені бәрімізге мәлім. Мәскеу ауылындағы [...]












