Құрметті Тобыл қаласының тұрғындары мен қонақтары!
2025 жылдың 13 тамызында Тобыл қаласының аумағында «Тамыз-Антитеррор - 2025» оперативтік-тактикалық оқу-жаттығулары өтеді. Іс-шараның мақсаты - құқық қорғау және арнайы органдардың терроризмге қарсы түрлі қауіптерді болдырмау деңгейін тексеру. Осыған байланысты Ленин-Победа, Ленин-Школьная, Школьная-Павлов, Школьная-Советская көшелерінде автокөлік пен жаяу жүргіншілердің қозғалысы шектеледі. Азаматтарды уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға, мемлекеттік органдар өкілдерінің заңды талаптарын орындауға және тек ресми ақпаратқа сүйенуге шақырамыз. Қостанай аудандық оперативтік штабы












