Ауыл шаруашылығы санақтары: екінші кезең
Қазақстанда 2025 жылғы ұлттық ауыл шаруашылығы санағының екінші оффлайн кезеңі 2025 жылдың 20 қыркүйегі мен 20 қазаны аралығында өтеді. Еске сала кетейік, 2025 жылдың 1 тамызынан 20 қазанына дейін Қазақстанда екінші Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өткізіледі. Бұл маңызды статистикалық іс-шара БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) ұсынымы бойынша әр он жылда бір рет өткізілуі тиіс және бүкіл елді қамтиды. Алғашқы санақ 2006–2007 жылдары жүргізілген болатын. Ауыл шаруашылығы санағы дегеніміз не? Бұл – аграрлық сектордың құрылымы, ресурстары мен жай-күйі туралы өзекті [...]












