Мемлекеттік қызметшілер күні: жаңғыру дәуіріндегі жаңа бетбұрыс
23 маусым – елімізде Мемлекеттік қызметшілер күні ретінде аталып өтеді. Бұл күн – мемлекеттік басқару жүйесінің өзегінде тұрған, ел тағдырына тікелей ықпал ететін жандардың еңбегіне құрмет көрсету күні. Ал биылғы мереке жаңғырумен, цифрландырумен және кәсіби реформалармен есте қалмақ. Мемлекеттік қызмет – жай ғана лауазым немесе жұмыс орны емес, бұл – халықтың мүддесі үшін күнделікті адал еңбек, ел болашағына деген жауапкершілік. Мемлекеттік қызметкер – ел мен халық арасындағы алтын көпір. Оның білімділігі, әдебі, шешім қабылдаудағы парасаты – қоғамның мемлекеттік басқаруға деген [...]












