Қазақстан теміржол инфрақұрылымын қарқынды дамытып жатыр
Өзінің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші кезектегі инфрақұрылымдық проблемаларды шешу қажеттігіне назар аудартты. Осы тапсырманы орындау аясында Қазақстанда елдің көлік-логистика әлеуетін дамытуға арналған ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Бүгінде осы бастамаларды жүзеге асыру жұмыстары қарқынды түрде жүруде. Теміржол саласында ұзындығы 1,3 мың шақырымнан астам 4 жоба жүзеге асырылып жатыр: «Достық – Мойынты», Алматы айналма жолы, «Дарбаза – Мақтаарал» және «Бақты – Аягөз». Биыл Алматы айналма жолы мен «Достық – [...]












