Қарттарға қамқорлық – қоғамның парасаты
Қостанай ауданында қарияларға арналған белсенді ұзақ өмір сүру орталығы бой көтеруде. Қостанай ауданының әлеуметтік келбетін айшықтайтын ерекше жоба жүзеге асырылып жатыр. Октябрь ауылдық округінде орманмен көмкерілген тыныш, табиғи аумақта белсенді ұзақ өмір сүру орталығы салынуда. Бұл – егде жастағы адамдарға арналған жай ғана мекеме емес, бұл – тынығу, дамып-жетілу, қоғаммен араласу, жан саулығы мен тән саулығын қатар ұштастыратын заманауи кеңістік. Қамқорлық пен жайлылық қатар Жобаны қолға алған кәсіпкер Мизанбаев Аман Елеусізұлының айтуынша, орталықтың жалпы құны 300 миллион теңгені құрайды. Жоба толықтай жеке [...]












