Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу өтіп жатыр
Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық бастамалардың біріне айналмақ. Марафон 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуірге дейін қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада өтеді. Жоба 7 бағытты қамтиды: - «Кітап оқитын мектеп» - 6–10 сынып оқушылары; - «Кітап оқитын колледж» - колледж студенттері; - «Кітап оқитын университет» - жоғары оқу орындарының студенттері; - «Кітап оқитын педагог» - мектеп мұғалімдері мен колледж [...]












