Қостанай облысында мүгедектігі бар адамдарға арналған «Мүмкіндік» облыстық әлеуметтік-құқықтық акциясы өтеді
2026 жылғы 21 қаңтарда сағат 15:00-ден бастап Қостанай облысында «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру шеңберінде өткізілетін «Мүмкіндік» мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған облыстық әлеуметтік-құқықтық акция өтеді. Іс-шараға Қостанай облысының прокуратура органдары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері, жұмыс берушілер, оқу орталықтары мен еріктілер қатысады. Қалалар мен аудандардың прокурорлары облыстың қадағалау аумақтарында акция өткізеді. Акцияның негізгі мақсаты - мүгедектердің әлеуметтік және еңбек интеграциясына жәрдемдесу, жұмысқа орналасуға, кәсіптік оқытуға және қайта даярлауға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтарды құқықтық және әлеуметтік [...]












