Жауапкершілік мектебі: мәслихат депутаттарына арналған жаңа форматтағы тренинг
Қоғам мен билік арасындағы алтын көпір – жергілікті өкілді органдар. Ал сол көпірдің беріктігі мен тиімділігі, ең алдымен, мәслихат депутаттарының кәсібилігіне байланысты. Осы тұрғыда елімізде депутаттардың біліктілігін арттыруға бағытталған жаңа форматтағы оқыту алаңдары қалыптасып келеді. Соның бірі – мәслихат депутаттарына арналған практикалық тренинг. Бұл тренинг – жай ғана дәріс тыңдайтын жиын емес, тәжірибеге негізделген, нақты дағдыларды қалыптастыруға бағытталған жұмыс алаңы. Мұнда депутаттар теорияны ғана емес, күнделікті қызметте қажет болатын нақты құралдарды меңгереді. Қостанай қаласында өткен іс-шара [...]












