Жолдауда белгіленген мақсат-міндеттер қаралды
Бүгін Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты жолдауындағы міндеттемелерді талқылау жиыны өтті. Цифрлық трансформация – кез келген ел үшін сапалы серпіліс жасауға және жаһандық экономикаға берік орнығуға орасан зор мүмкіндік. Өйткені жасанды зерде қай саланың да қозғаушы күшіне айнала бастады. Демек, елдігіміздің ендігі мұраты – үр жаңа үрдістен кенже қалмау. Биылғы Жолдауға осы тақырыптың арқау етілуінде терең мән бар. «Президент өз Жолдауында: «Біздің стратегиялық бағытымыздың негізгі бөлігі жасанды интеллектті кеңінен енгізу [...]












