Сағынышқа айналған сазгер
Полониковка ауылдық кітапханасында қазақ музыкасының классигі, халықтың сүйікті сазгері Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл толуына орай «Сағынышқа айналған сазгер» атты вечер-элегия ұйымдастырылды. Бұл рухани-танымдық кештің мақсаты – Шәмші Қалдаяқовтың музыкалық мұрасын кеңінен насихаттап, жас ұрпаққа ұлттық өнер қайраткерлерінің өмір жолы мен шығармашылығы жайлы терең мағлұмат беру. Қазақ ән өнерінің алтын қорына енген әуезді туындылардың авторы туралы тың деректер мен әсерлі әңгімелер қатысушылардың ерекше ықыласына бөленді. Іс-шара барысында оқушылар композитордың өмірбаянымен және шығармашылық жолымен танысты. Оның жүректен шыққан туындылары – «Қайдасың», «Ақ [...]












