KAZENERGY қауымдастығы АЭС құрылысына қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстан энергетика секторының одан әрі дамуын айқындайтын маңызды шешімнің табалдырығында тұр. АЭС салу мәселесі ел дамуының маңызды аспектісі болып табылады. АЭС сенімді энергия көзі болып табылады, жоғары тиімділікке және базалық жүктеме режимінде жұмыс істеу мүмкіндігіне ие, бұл генерация құрылымын әртараптандыруға, бірыңғай энергетикалық жүйенің жұмысын жақсартуға және елдің энергия қауіпсіздігін едәуір нығайтуға көмектеседі. Атом энергетикасын елдің энергия теңгеріміне енгізу қазба көздеріне тәуелділікті азайтуға және атмосфераға зиянды шығарындыларды азайтуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етеді және Қазақстан Республикасының көміртегі [...]












