Ауыл әйелдерінің әлеуметтік және экономикалық әлеуетін белсенді дамыту қажет
Екінші тамызда Қостанай қаласында «Мүмкіндік. Даму. Жетістік» атты Қазақстанның ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті. Шараны «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы» ЗТБ, «Қазақстанның ауыл әйелдерінің форумы» ұйымы ұйымдастырды. Қостанай өңірінің әйелдер қауымы барлық салада белсенді. Тіпті, соңғы жылдары нәзікжандылардың өңірдің өсіп-өркендеу жолында өзіндік қолтаңбасын айшықтап, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп жүргені аян. Барлық саланың көсегесін көгертіп, бір қолымен бесігін, екінші қолымен кәсібін дөңгелетіп отырған әйелдердің, ауыл аймақтарды дамытуға қосқан үлестері жайында сөз қозғалып, жаңа кәсіп ашу үшін жұмысты неден [...]












