Олжас Бектенов экспортқа бағытталған келешегі бар өндірістерді мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес өткізді
Премьер-министр Олжас Бектенов экспортқа бағытталған бизнес өндірістерді мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес өткізді. Оған жекелеген министрлер мен аймақ әкімдері, «Бәйтерек» ҰБХ, «Қазақстан даму банкі» АҚ, «Атамекен» ҰКП басшылықтары, сондай-ақ бірқатар саладағы бизнес өкілдері қатысты. Негізгі мақсат – Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру және өсімнің жаңа мүмкіндіктерін дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру, деп хабарлайды Primeminister.kz. «Бәйтерек» холдингінің экономиканың түрлі салаларында пилоттық жобаларды іске асырудағы жаңа тәсілдері қарастырылды. Бұл инвестициялық жобаларды қарау талаптарын жеңілдету және біріздендіру, сондай-ақ өтінім бергеннен бастап, жобалық қуатқа шыққанға [...]












