Зайырлылық-Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімнің негізі
Қазақстан зайырлы мемлекет болып табылады және бұл қағида ел Конституциясында бекітілген. Зайырлылық қоғамның тұрақтылығын, азаматтардың теңдігін және конфессияаралық келісімді қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Елде әртүрлі ұлттар мен діндердің өкілдері тұрады. Әрбір азамат діни нанымдарды еркін таңдауға немесе оларды мүлдем ұстанбауға құқылы. Мемлекет барлық адамдардың сенімге деген көзқарасына қарамастан теңдігіне кепілдік береді және олардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді. Мемлекеттің зайырлы құрылымының конституциялық негіздері заңнамада нақты белгіленген. Осылайша, Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабына сәйкес, дін мемлекеттен бөлінген. Бұл дегеніміз, мемлекеттік институттар діни ұйымдардан [...]












