ҰЛТ АНАСЫН ҰЛЫҚТАҒАН ҚАЛАМГЕР
Қазақ әдебиетінің алтын қорына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті жазушы, драматург, қоғам қайраткері Ғабит Мүсірепов – ұлт руханиятының биік шыңдарының бірі. Оның шығармалары қазақ халқының тарихын, болмысын, адамгершілік құндылықтарын терең бейнелеуімен құнды. Қаламгер туындыларынан халықтың тағдыры, замана шындығы, ұлттық мінез бен рух айқын көрініс табады. Жазушының өмір жолы мен шығармашылық келбеті Ғабит Мүсірепов 1902 жылы Солтүстік Қазақстан өңірінде дүниеге келген. Ол – қазақ әдебиетінің ғана емес, бүкіл кеңестік кезеңдегі әдеби процестің ірі тұлғаларының бірі. Академик, қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері атанған қаламгердің [...]












