Ақын – елдің ардағы
Бірнеше халықаралық әдеби сыйлықтың лауреаты, «Алтын қалам» иегері жерлес ақынымыз Ақылбек Шаяхметтің төрт кітабының тұсау кесері өтті. Садовый орта мектебінің 7-8 сынып оқушылары мен ұстаздары тұсау кесерге қатысып, ақынның кітаптарындағы тың ақпараттармен танысты. Ақын-жазушылармен кездесу оқушылардың ішкі жан-дүниесін байытып, ерекше шабыт сыйлады. Бұл кездесуден соң олар ақын идеяларды қалай табатынын, шығармашылығын қалай дамытып, қиындықтарды қалай жеңетіні туралы біле алды. Шығармашылық мерекеде 70-тен аса туындылары жарық көрген ақынның өлеңдері оқылып, зиялы қауым өкілдері тілектерін білдіріп, пікірлерін ортаға салды. Ақылбек Шаяхметовтың шығармалары тек [...]












