Алтын дала ауылдық кітапханасында балаларға еліміздің рәміздерін қастерлеуге
Отанын сүюге, Ата заңымызды құрметтеп, ұлтжандылық пен достыққа тәрбиелеу мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толуына орай «Ата заңым – ардақты!» атты құқықтық сағат өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы Айткүл Кудесова балаларға Ата заңымыз туралы мағлұмат беріп, тарихи заң үлгілеріне шолу жасады. Ол қазақ халқының құқықтық жүйесі терең тарихтан бастау алатынын, соның ішінде «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» және «Тәуке ханның Жеті жарғысы» – ел басқарудың озық үлгілері болғанын атап өтті. Шара барысында 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған [...]












