Мейірімділік сабағы
Мүмкіндігі шектеулі жандар туралы сөз бола қалса, ең алдымен көз алдымызға өмірден түңілген адамның түрі елестейтіні рас. Алайда кейбір он екі мүшесі сау адамдардан жарымжан адамдардың өмірге деген құштарлығы аса жоғары екенін біле бермейміз. Мүмкіндігі шектеулі жандар туралы хабардар ету онкүндігі аясында Еңбек ауыл кітапханасында «Мейірім шуағы» атты мейірімділік сабағы өтті. Мейірімділік - адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік сабағында кітапханашы оқушыларға мүмкіндігі шектеулі жандар туралы түсінік берді Әлемде өмір сүріп жатқан адамдардың 10 пайызы, шамамен [...]