Отбасы күні – Елбасының Жарлығымен бекітілген еліміздегі мерейлі мерекелердің бірі
Отбасы рухани-адамгершілік құндылықтардың сақтаушысы, сондай-ақ, мемлекеттің тұрақтылығы мен дамуының көрсеткіші болып табылады. Осы орайда, Тобыл қаласында Отбасы күніне орай «Отбасылық құндылықтарды арттыру және насихаттау, отбасы институтын нығайту және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алу» жобасы аясында «Алтын Дән» мәдениет үйінде іс шара өтті. Аталмыш жоба аясында «Ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбындағы рухани-мерекелік кездесуге мемлекеттік тілде оқытатын Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің білім алушылары да қатысты. Іс-шара барысында оқушылар 53 жыл бірге отасқан Жұмахан, Жібек Көбековтермен танысып, бақытты отбасы құрудың басты қағидалары жайлы білді. [...]