Мәдениет – ұлттың рухани қазынасы
21 мамыр – мәдениет пен өнерді дәріптейтін, ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын маңызды күн. Бұл күні кітапханашылар, мұражай қызметкерлері, театр әртістері мен барлық мәдениет саласының өкілдері өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді. Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Ақордада салтанатты жиын өтті. Президент ұлтымыздың болмыс-бітімін сақтауға, халқымыздың руханиятын байытуға зор үлес қосып жүрген сала қызметкерлеріне ризашылығын білдірді. «Мәдениет – ұлттың төлқұжаты. Жаһан жұрты елімізді, ең алдымен, өнеріміз арқылы танып біледі. Біз – Ұлы далада тамыр жайған бірегей мәдениеттің заңды мұрагеріміз. Қазақ жерінен [...]