Ерлік пен адалдықтың үлгісі
Мұхамеджан Байқоныс – Ұлы Отан соғысы кезінде ерен ерлік көрсетіп, елге жеңіспен оралған қазақстандық батырлардың бірі. Оның өмірі мен ерліктері бүгінгі ұрпақ үшін патриотизм мен рухани мұраның жарқын үлгісі болып табылады. Мұхамеджан Байқоныс 1914 жылы Қостанай облысының Наурызым ауданына қарасты Қайғы (қазіргі Мереке) ауылында дүниеге келген. Жастайынан еңбексүйгіштік пен табандылықты бойына сіңіріп өскен. Ауылдастарының арасында сыйлы болып, еңбекқорлығымен ерекшеленді. Соғыс жылдарындағы ерлігі 1942жылдың шілдесінде Амангелді аудандық әскери комиссариаты арқылы майданға шақырылды. Ол 595-ші атқыштар полкі мен 188-ші атқыштар дивизиясының құрамында жауынгерлік [...]