Домбыра туралы наным-сенім
Домбыра бойында жаратылыспен тіршілік атаулының құндылықтары мен дыбыстары тоғысқан. Сондықтан да бұл музыкалық аспап негізінен әлеуметтік-рухани қажеттілікке негізделген. Қазақ біреу ауырып, тәуір болып келе жатса, «беті бері қарапты», ал ауруы меңдеп халы нашарлап кетсе «ой, болмас, беті әрі қарап кетіпті» дейді. Осы сияқты белгілі күйші, әнші дүниеден өткенде оның домбырасының бетін қабырғаға, керегеге қаратып іліп қоятын салт болған. Жылы өткен соң ізін жалғаған шәкірттеріның біріне сыйлаған. «Өйткені, тартылмаған домбыраның үні санаулы жылдарға дейін ғана шыдайтынын екінің бірі біле бермес. Күй [...]