100 жаңа есім

Ұлт медицинасындағы жаңа бағыттың жаршысы

Ол Ақтөбедегі медициналық университеттің травмотология бөліміне оқуға түскенде нағашысы Жалмұрат сынықшы сияқты халықтың адамы болуды армандаған еді. Сол жылдарда нейрохирургия елімізде дамымаған медицина саласының бірі болды. Бірде Ақтөбеге мәскеулік атақты нейрохирург А.Н.Коновалов келіп осынау арманшыл адамның қиялына қанат бітіріп, медицинадағы жаңа бағытқа қызығушылығын оятты. Ол арманшыл адам – бүкіл дүниежүзілік дәрігерлер қауымдастығының шешімімен берілетін «Әлем дәрігері» атағын 2008, 2009 жылдары екі рет қатарынан иеленген, «Платиналы Тарлан», Пирогов атындағы сыйлықтардың иегері, «Парасат» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Қазақстанның [...]

Шаханның шоқтығы

Бүгінгі күні қоғамның барлық топтары мен жіктерін өмір сүруге ыңғайлы да қолайлы жағдайлар туғызу мәселесі жоғары мәнге ие. Бұған аяқ-қолы балғадай азаматтардан гөрі мүмкіндігі шектеулі жандар көбірек зәру екені де бүгінгі күннің шындығы. Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласының негізінде қолға алынған «100 жаңа есім» жобасы халыққа еңбекқор тұлғаларды танытуда. Солардың бірі – ақтөбелік Шахан Жолдасбаев. Подробности на стр. 10 в № 1 (407) 2018

Цирк деген бір сиқыр

«Арена чудес» – Қостанай ауданының нағыз бренді. Облыста мұндай ұжым тек Рудныйда ғана бар. Ашылғанына 30 жылдан асқан балалар мен жасөспірімдер ұжымы Қазақстанға ғана емес, алыс-жақын шет елдерге де танымал болып үлгерген. Олар республикалық «Ақ көгершін», «Друг детства» конкурстарының лауреаттары, халықаралық «Шабыт» сыйлығының дипломанттары. Ал ұжымның жетекшісі – Татьяна Калашникова. «Арена чудес» ұжымына Татьяна Калашникова жетекшілік еткелі, міне, 22 жыл. – Мен алғашқы жетекшісі де, циркті ашқан да адам емеспін, – дейді Татьяна Сергеевна. – Бізде 1980 жылдардың өзінде Наталья Кикиевич [...]

Өңірде өсірілген ұлпасыз терек

Қостанай қаласында өсіп тұрған жасыл желектің басым бөлігі – терек. Осы ағаш ұлпа шашады деген желеумен соңғы жылдары оны отырғызудан бас тартып жатқандар бар. 75 жастағы қостанайлық биолог Валентина Ободовская ұлпасы жоқ терек өсірудің тың әдісін ойлап тапты. Подробно читайте на стр. 8 в № 41 (397) от 26.10.2017