Ұлт медицинасындағы жаңа бағыттың жаршысы
Ол Ақтөбедегі медициналық университеттің травмотология бөліміне оқуға түскенде нағашысы Жалмұрат сынықшы сияқты халықтың адамы болуды армандаған еді. Сол жылдарда нейрохирургия елімізде дамымаған медицина саласының бірі болды. Бірде Ақтөбеге мәскеулік атақты нейрохирург А.Н.Коновалов келіп осынау арманшыл адамның қиялына қанат бітіріп, медицинадағы жаңа бағытқа қызығушылығын оятты. Ол арманшыл адам – бүкіл дүниежүзілік дәрігерлер қауымдастығының шешімімен берілетін «Әлем дәрігері» атағын 2008, 2009 жылдары екі рет қатарынан иеленген, «Платиналы Тарлан», Пирогов атындағы сыйлықтардың иегері, «Парасат» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Қазақстанның [...]