Қуаныш пен шаттыққа толы күн
2 шілдеде Новоселовка, Абай, Осиновка, Рыспай және Талапкер ауылдарында балаларға арналған заманауи ойын алаңдарының ашылу салтанаты өтті.
Балалардың қуанышы мен шаттығы
Жаңа ойын алаңдарының ашылу салтанаты нағыз мерекеге айналды. Ауылдардың әрбір тұрғыны мен баласы бұл күнді ерекше қуанышпен қарсы алды. Алаңдардың ашылуына орай, балалар үшін арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, түрлі көңілді әндер шырқалды.
Музыкалық нөмірлер мен әншашулар көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Концерт бағдарламасы балалардың көңілін көтеріп, оларды қуанышқа бөлегені сөзсіз.
Шара барысында балаларға тәтті балмұздақтар таратылып, олардың күлкілері мен шаттықтары ауылды одан әрі жайнатып жіберді. Бұл сәтті ересектер де қатты сезініп, балаларының қуанышына ортақтасты.
Ұлттық Домбыра күніне арналған көрме
Жаңа ойын алаңдарының ашылуымен қатар, ұлттық Домбыра күніне орай ауылдық кітапхана қызметкерлері арнайы кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде қазақ халқының ұлттық мұрасы – домбыра жайлы кітаптар, күй өнерінің дамуы мен ұлы күйшілердің өмірі туралы деректер кеңінен қамтылды.
Бұл көрме балалар мен ересектердің ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын оятып, домбыраның маңыздылығын түсінуге мүмкіндік берді.
Домбыра – қазақ халқының музыкалық мәдениетінің ажырамас бөлігі, оның шексіз күйлері мен әсем әуендері ұрпақтан ұрпаққа жетіп келеді. Домбыра күніне орай ұйымдастырылған көрме өскелең ұрпақтың ұлттық өнерді бағалауға, домбыраның күйлерін тыңдауға және осы құндылықтарды сақтауға деген қызығушылықтарын арттырды.
Балаларға арналған алаңдар — болашаққа жасалған Адам
Балалар үшін жаңа алаңдардың ашылуы — ауылдың болашағына жасалған маңызды қадам. Алаңдар балалардың белсенді өмір салтын ұстануға, денсаулықтарын нығайтуға және шығармашылық қабілеттерін дамытуға үлкен мүмкіндік береді. Қазіргі заманның талабына сай жасалған ойын алаңдары балалардың бос уақытын қызықты әрі пайдалы өткізуге жағдай жасайды. Олар тек ойындар мен жаттығулар жасаумен шектелмей, бірге уақыт өткізу, достарымен қарым-қатынас орнату дағдыларын үйренеді.
Маржан Кенжеахметова, кітапханашы, Заречнный ауылдық модельді кітапхана
Добавить комментарий