Ұрпаққа қамқорлық – ортақ парыз
Абай тынысы – заман тынысы, халық үні. Бүгінде ақын үні жаңғырып, жаңа өріс алып тұр. Ұлы ақынды әлемге паш еткен Мұхтар Әуезов осы тақылеттес пікір айтыпты. XXI ғасырға да сол тыныс әрі дем беріп тұр.
Абайдың білімін жастардың санасына сіңіру – ұлы тұлғаның ойларын танымал етудің бір жолы. Әкесі Құнанбайдың тұлғалық маңызы мен тарихи-мәдени рөлін арттыру керек.
Абайдың халқымызды ел болуға, басқа елден кем болмауға шақырды. Қалың қазағы үшін сүйінді, күйінді.
Биік таудың шыңына шыға алсаңыз, оны қаншалықты биік екенін білесіз. Төменде болсаңыз, биік таудың аспанға жақын екенін ешқашан сезбейсіз. Біз Абайдың қандай адам болғанын білуіміз керек. Хакім Абайдың даралығы мен даналығын көрсететін терең және мазмұнды іс-шаралар көптеп ұйымдастырылып жатыр. Біз, мұғалімдер де қашықтан тәрбие сағаттарын өткізіп, бейнебаяндар түсіріп, мектебіміздің әлеуметтік желілердегі парақшаларына жүктедік.
Цифрлық технологиялар дәуірінде және қазіргі жағдайда барлық оқу орындарының қашықтан оқыту жүйесіне көшуі – уақыт талабы. Білім беру жүйесін шалғайдан оқытуға, оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрлерін қашықтан жүргізуге көшіру бүкіл әлемге таралып жатқан індетті болдырмауға бағытталған нақты қадамдардың бірі. Қашықтан білім беру – жаһандық ауқымдағы сын-қатерлер кезеңіндегі жаңа мүмкіндіктер мен ізденістер. Осы күрделі кезеңде барлық компоненттерді, оқу процесінің тәсілдерін қолдана отырып, белсенді әрекет ету, әріптестермен пікір және тәжірибе алмасу маңызды.
Әлем күн сайын жаңарып тұрады. Күн сайын түрлі жаңалық ашылады. Күн сайын жаңа жобалар жүзеге асырылуда. Сондықтан әр күнімізге жаңа көзқараспен қарауға дайын болуымыз керек. Ақпараттандыру дәуірінде озық технологиялардың үздік жемісін пайдалану – дамыған елдердің шешімі. Сондықтан мемлекетіміз үшін бұл да жаңа белес, жаңа шың! Бізге бұл дәуірде де Абай әлемі көмекке келеді.
Айгүл АҒЗҰМОВА,
Жамбыл ОМ мұғалімі
Добавить комментарий