Ауылдағы бірлік пен қайырымдылықтың көрінісі
Алтынсарин ауылының мешітінде қайырымдылық шарасы өтті. Алтынсарин ауылындағы Әлжан мешітінде Ғабдімәліков Есет Сейтқалиұлы имамның бастамасымен және демеушілердің қолдауымен көпбалалы, тұрмысы төмен және мұқтаж отбасыларға арналып кең көлемді қайырымдылық акциясы өткізілді. Бұл игі шара ауыл тұрғындарының бірлігін арттырып қана қоймай, көпшіліктің жүрегіне қуаныш сыйлады. Акция аясында 35 отбасыға мектепке қажетті кеңсе тауарлары салынған сөмкелер, бір қап ұн және бес литр өсімдік майы табысталды. Сонымен қатар тағы 16 отбасы күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Мұндай қамқорлық ауылдағы көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылар [...]












