Қостанай ауданының әкімі Олжас Нұрғалиев Қазақстан халқының бірлігі күнімен тұрғындарды құттықтады
Құрметті жерлестер! Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке достық пен келісімді, бейбітшілік пен тұрақтылықты білдіреді. Ғасырлар бойы бір - біріміздің дәстүрлерімізді, мәдениетіміз бен әдет - ғұрыптарымызды құрметтеу біздің ортақ тағдырымыздың берік іргетасына, тәуелсіз Қазақстанның бейбітшілігі мен өркендеуінің тірегіне айналды. Биыл біз Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған іс - шаралар аясында ұлтаралық келісімнің, азаматтық бейбітшілік пен бірліктің символына айналған бірегей қоғамдық платформа — Халық бірлігі күнін атап өтеміз. Бұл атаулы мерейтой - біздің достық, өзара құрмет және бірлік [...]












