Ғасырдың экологиялық жобасы: Су ресурстары және ирригация министрлігі Солтүстік Аралды сақтаудың екінші кезеңіне кірісті
Қызылорда облысындағы Көкарал бөгетінде Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Самех Вахбамен кездесті. Кездесуде тараптар Солтүстік Арал теңізін сақтауға арналған жобаның екінші кезеңін іске асыру мәселесін талқылады. Қазіргі уақытта Су ресурстары және ирригация министрлігі жобаның екінші кезеңіне қатысты техникалық-экономикалық негіздемені (ТЭН) әзірлеу жұмыстарын аяқтауға жақын. Онда Көкарал бөгетін қайта жаңғырту және Балтық жүйесі бойынша теңіз деңгейін 44 метрге дейін көтеру, сондай-ақ Қызылорда облысы Арал ауданындағы Ақшатау және Қамыстыбас көлдер жүйелеріндегі су [...]












