Салық төлеудің соңғы күні жақын
Қостанай облысында жеке тұлғалардың 2025 жылғы салық кезеңі үшін мүлік салығын төлеу мерзімі жақындап келеді. Салықты 2026 жылғы 1 қазаннан кешіктірмей төлеу қажет. Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті азаматтарға есептелген соманы алдын ала тексеріп, салықтық жеңілдіктер мен жылжымайтын мүлік туралы мәліметтердің дұрыстығына назар аударуға шақырады. Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының басшысы Зарина Бекмұхамедова бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифинг барысында жеке тұлғалардың мүлік салығына қатысты негізгі мәселелерді түсіндірді. Салық төлеушілер есептелген соманы Мемлекеттік [...]












