«Тобыл қыраны»

«Тобыл қыраны»

Қостанай ауданы әкімдігінің «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің ұйымдастыруымен 15 сәуірде Тобыл қаласында қазақ күресінен ересектер арасында «Тобыл қыраны» II кезендік іріктеу турнирі өтті.

Атаулы додада ауданымыздың Қазақстан Республикасына әйгілі палуандары бақтарын сынады. Қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия жеңімпазы Рамиль Шарыгин, қазақ күресінен ҚР спорт шебері, белбеу күресінен, жауынгерлік самбодан, джиу-джитсудан және греплингтан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Талғат Жиентаевтарды атап өтуге болады. Жарыс абсолюттік және әр салмақ дәрежесі бойынша өткізілді.
Жеңімпаз атанған палуандар 25-26 мамыр күндері Қостанай қаласында өтетін облыстық «Қостанай қыраны» турнирінде ауданымыздың намысын қорғайды.

1 орынды 55 кг салмақ дәрежесінде Есенгелді Серік, 60 кг – Жұмабай Шалқар, 66 кг- Ділдәбек Қуат, 74 кг – Қуанышбек Иманжүсіп, 82 кг – Жаңбыршы Әділет, 90 кг – Жанат Жәнібек, 100 кг – Сағымбай Елнұр, +100 – Мушкудияни Руслан иеленді. Абсолюттік түйе палуан «Тобыл қараны» атанған Жиентаев Талғат, 2 орында Шарыгин Рамиль.

Спортшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз және алдағы болатын жарыстарға сәттілік тілейміз. Жарыстың бас төрешісі Дәрменбаев Серік Мешітбайұлы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!