Құрметті жерлестер!

Құрметті жерлестер!

Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Біздің көпұлтты халқымызды бейнелейтін бұл тамаша көктем мерекесі, әсіресе әрбір қазақстандық үшін қымбат. Шынында да, бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан барлық этностардың бірлігі, келісімі мен өзара түсіністігінің арқасында біз тәуелсіздікті нығайта алдық, әлемдік танымалдыққа ие болдық, әлеуметтік – экономикалық дамуда айтарлықтай табыстарға қол жеткіздік.

Достық пен келісім – алдымыздағы гүлденген және жарқын болашағымызға жол ашатын, біздің әмбебап кілтіміз.

Бүгінгі таңда біздің ортақ міндетіміз – ұлтаралық және дінаралық бірлікті сақтау ісіне өз үлесімізді қосып, адал еңбек етуді жалғастыру, сенімді алға жылжу.
Күш – жігерді біріктіре отырып, біз ауданымыздың одан әрі табысты дамуы, ойластырылған жоспарларды іске асыру және қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін, барлық жағдай жасай аламыз деп сенемін.

Құрметті жерлестер! Осы айтулы күні сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, сәттілік, бақыт пен жақсылық тілеймін. Әр үйде шаттық, береке және ауызбіршілік болсын.

Жансұлтан ТАУКЕНОВ,
Қостанай ауданының әкімі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!