Құрметті Тобыл қаласының тұрғындары мен қонақтары!
2022 жылғы 1 сәуірде сағат 15.00-ден 18.00-ге дейінгі кезеңде Тобыл қаласының аумағында Қостанай терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығулар өткізеді.
Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты адамдар көп жиналатын жерлерде террористік сипаттағы қауіп-қатерлер туындаған кезде мемлекеттік органдардың ден қою және өзара іс-қимыл жасау дағдыларын пысықтау болып табылады.
Сағат 15.00 – ден бастап Тәуелсіздік – Попович, Попович-Школьная көшелері бойынша қозғалыс шектеледі.
Оқу – жаттығу Тәуелсіздік – Октябрьға 40 жыл және Октябрьға 40 жыл -Школьная көшелерінің шекарасында өтеді.
Азаматтарды сабырлық сақтауға және өткізілетін оқу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және жұмылдырылған қызметшілердің заңды талаптарын орындауға шақырамыз.
Добавить комментарий