Құрметті Тобыл қаласының тұрғындары мен қонақтары!
2021 жылғы 22 қазанда Тобыл қаласының аумағында терроризмге қарсы күрес жөніндегі Қостанай жедел штабы терроризмге қарсы оқу-жаттығуларды өткізуде.
Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты адамдар көп жиналатын жерлерде террористік сипаттағы қауіп-қатерлер туындаған кезде мемлекеттік органдардың ден қою және өзара іс-қимыл жасау дағдыларын пысықтау болып табылады.
Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес, іс-шара Қостанай ауыл шаруашылығы колледжінің аумағында өткізіледі. Тәуелсіздік – Терешков көшелері бойынша көлік қозғалысы шектеледі.
Қала тұрғындары мен қонақтарын сабырлық сақтауды және өткізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды, оқу-жаттығу кезінде сабырлық сақтауды, сондай-ақ жақын арада осы учаскеде болудан немесе қозғалудан қалыс қалуды сұраймыз.
Добавить комментарий