Отбасы – ең басты құндылық
Отбасы – адам өмірінің ең маңызды бөлігі. Ол адамның жеке басының қалыптасуына, дүниетанымының кеңеюіне, тәрбиесінің нығаюына үлкен әсер етеді. Адамдар үшін отбасы махаббат пен қолдаудың қайнар көзі, сондықтан да отбасы ешқашан өз маңыздылығын жоғалтпайтын басты құндылықтардың бірі болып табылады.
Отбасы әр адам үшін бірінші әлеуметтік орта, алғашқы тәлім-тәрбие көзі, өмірлік тәжірибенің бастауы болып табылады. Отбасында адам моральдық, рухани, мәдени құндылықтарды игеріп, сол арқылы өмірге деген көзқарасын қалыптастырады. Бала отбасы ішінде бірінші рет жақын адамдары – ата-анасынан, бауырларынан, туыстарынан өмірлік маңызды білім мен дағдыларды алады.
Отбасы – бұл адам өміріндегі тұрақтылық пен сенімділіктің қайнар көзі. Адамдардың өзара қолдау, сенім мен сүйіспеншілікке негізделген қарым-қатынастары отбасының беріктігін қалыптастырады. Осындай үйдегі жайлы, жылы атмосфера адамның өзін қауіпсіз сезінуіне, қиын сәттерде күш-қуат алуға мүмкіндік береді.
Отбасындағы тәрбие баланың болашақта қандай адам болатынын, оның қоғамда қалай өмір сүретінін анықтайды. Ата-ана баланың өмірінде басты рөлді атқаратын тұлғалар. Олардың сөйлеген сөзі мен әрекеттері баланың ой-өрісін, адамгершілігін қалыптастырып, моральдық және этикалық нормаларды игеруге көмектеседі.
Отбасы мүшелері арасындағы сыйластық пен түсіністік баланың тұлғалық дамуына үлкен ықпал етеді. Бала өзінің ата-анасынан немесе отбасындағы басқа адамдардан жақсы қасиеттерді үйреніп, соларды өз өмірінде қолдануға тырысады. Баланың дұрыс тәрбиесі отбасыдан басталып, оның өмірдегі мақсаттарына жетуіне, әлеуметтік ортада өз орнын табуына үлкен әсер етеді.
Отбасы мүшелерінің бір-біріне қолдау көрсетіп, өзара құрметпен қарым-қатынаста болуы қоғамдағы тыныштық пен бейбітшіліктің кепілі болып табылады. Отбасы адамзаттың мәдениетінің, дәстүрлерінің сақталуына да ықпал етеді, себебі ол ұрпақтан-ұрпаққа берілуі тиіс құндылықтардың ордасы болып саналады.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында құндылықтарды негізге ала отырып, 7 ақпанда біздің Рыспай негізгі орта мектебінде бастауыш сыныптар арасында ата -аналармен жүргізілген жұмыстарға тоқталдық. Мақсатымыз – отбасылық құндылықтарды дәріптеу.
Бағдарлама бойынша мақал – мәтелдер, дәстүрлі сұрақтар, «Өнегелі 5 мину», балалар арасында «Бәйге» ойыны өткізіліп, ата-аналар асық ойынына қатысып, ләңгі тебуде белсене ат салысты. Жеңімпаздар марапатталып, ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.
Меруерт САДВАКАСОВА,
Рыспай негізгі орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Добавить комментарий