Қостанай облысы – PISA 2025 нәтижелері бойынша көшбасшылар қатарында

Қостанай облысы – PISA 2025 нәтижелері бойынша көшбасшылар қатарында

Қостанай облысы PISA 2025 халықаралық зерттеуінде Қазақстан өңірлері арасында ең жоғары әрі тұрақты нәтижелердің бірін көрсетіп отыр.

Үш бағыт бойынша облыс үздік үштікке еніп, республикалық көрсеткіштерден айтарлықтай жоғары нәтиже көрсетті.

Қостанай облысы оқу сауаттылығы бойынша 419,4 балл (ҚР – 385) жинап, 20 өңір арасында Астана қаласынан кейін 2-орынды иеленді.

Бірден екі бағыт бойынша өңіріміз 3-орыннан көрінді: жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша – 445,3 балл (ҚР – 420 балл); цифрлық есептерді шешу бойынша – 477,2 балл (ҚР – 449 балл).

Облысымыз математикалық сауаттылықтан да қалыспай тізімнің жоғарғы сатысында тізгін ұстап, республикалық көрсеткіштен 5,2 балл жоғары нәтиже көрсетті.

Бұл нәтижелер – педагогтердің, әдістемелік қызметтердің, білім беру ұйымдары басшыларының және оқушылардың жүйелі әрі бірлескен еңбегінің нәтижесі.

Біз бұл жетістіктерді мақтан тұтамыз және Қостанай облысындағы әр мектептің әлеуетін арттыру, әр оқушыға болашаққа жол ашатын мүмкіндіктер жасау бағытындағы жұмысты жалғастыра береміз!

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!