Қостанай облысы 5 Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында
Қостанай облысы мәдениет пен дәстүр арасындағы байланысты нығайтуға ықпал ете отырып, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында өзінің делегациясын жіберді. Бұл айтулы шараға төрт көрнекті спортшы қатысуда, олар – Омаров Нұркен, Абду Мейрамбек, тартыс көкпарда Қалтаев Наурызбай, Алыш күресінен Жаңбыршы Әділет. Олардың шеберлігі мен спорттық жетістіктері аймақтың мақтанышына айналмақ!
Ойынның төрешілер корпусына үш тәжірибелі маман кіреді: бір сарапшы Қазақ күресі бойынша және екі төреші тоғызқұмалақтан, олар жарыс барысында әділ төрелік етуді қамтамасыз етеді.
Аккредиттелген делегацияның жалпы саны – 41 адам. Оның құрамына батыр – атақты спортшы және Ту ұстаушы, 10 Елші (өңірден іріктелген көшпенділер ойындарының елшілері) және іс-шаралардың мәдени құрамдас бөлігін ұйымдастыруды қамтамасыз ететін мамандар, делегация қызметінің үйлестірушілері кіреді.
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу аясында “Қазанат” ипподромының этноқалашығында ойындардың рухын бейнелейтін таңғажайып сыртқы безендірілген үш керемет киіз үй орнатылды. Бірінші киіз үй “Көшпелі халықтың дәстүрлі безендірілуіне” арналған және диаметрі 6,0-6,5 м және биіктігі 3,8-4,0 м болатын сегіз қанатты үй, ол өз дизайнымен ерекшеленеді. Екінші киіз үй, “Облыстың тарихы мен жетістіктері” -бұл LED экраны бар он екі қанатты киіз үй, оның диаметрі – 8,0-8,5 м, биіктігі – 4,5-4,8 м. Үшінші киіз үй, сегіз қанатты “Көшпелі халықтың (қазақтардың) қонақжайлылығы” үйі, қазақ халқының қонақжайлылығы мен мәдениеті дәстүрін паш етеді.
Этноауылда өтіп жатқан “Қолөнершілер қаласы” этнокөрмесіне қатысу үшін қолөнер өнерінің 7 шебері таңдалды: Рахалиев М., Дихамбаев А., Нұғыманова А., Аңқауовтар отбасы, Иманов К-М., Кабидулова С. және Шарова Н., олардың әрқайсысы мәдени мұраның байлығына ерекше үлес қосатын болады.
Сондай – ақ, бізді екі айтыскер – Айбек Қалиев (Арқалық қ.) және Тоба Өтепбаев (Астана қ.) өнер көрсетіп, көрермендерді өздерінің шеберлігі және талантымен тәнті етеді.
Этноауыл сахнасында 12 қыркүйекте Қостанай облысының орындаушылары мен шығармашылық ұжымдары қатысатын қызықты концерттік бағдарлама ашылады. 18 нөмірден тұратын бағдарламаны қазақ тілінде Марғұлан Әбдібек және ағылшын тілі бойынша тартылған маман – Сағыныш Әбікей жүргізеді. Көрермендер “Шабыт” ансамблінің (Лисаков қ.), Шыңғысовтар отбасылық дуэтінің (Әулиекөл ауданы), Жетіген ансамблінің, Ражановтар отбасылық дуэтінің, “Карнавал” би ансамблінің (Қостанай қ.) және басқа да талантты әртістердің өнерлерін тамашалай алады.
Жалпы, «Қазанат» ипподромының этникалық қалашығы аумағына қазақ мәдениетінің өнері мен өзіндік ерекшелігі арқылы адамдарды біріктіріп, нағыз мереке атмосферасын қалыптастыратын 300-ден астам қостанайлық жұмысшыларды тарту жоспарлануда.
Добавить комментарий