Қостанай ауданының құрама командасы облыстық спартакиадада тарихи жетістікке жетті!
384 ұпаймен аудандар арасында бірінші орынға ие болған спортшыларымыз Қостанай қаласының командасына 4-ақ ұпайға ұтылды. Рудный қаласының командасын 5 ұпайға қалдырған спортшыларымыз үлкен жетістікпен екінші орынды иеленді.
Қостанай ауданы әкімдігі отырысында дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мылтықбай Абдуайтов осындай қуанышты хабармен бөлісіп,135 спортшы, 29 бапкерлер мен төрешілердің 16 спорт түрлері бойынша бақ сынасқанын айтты.
Аудан әкімі Берік Таңжарықов 19-22 қыркүйекте Қарабалық ауданында өткен Қостанай облысының XXXVII жазғы спартакиадысынындағы жетістік үлкен еңбектің нәтижесі екенін атап өтті. Аудан әкімі Мылтықбай Жұмабайұлына шын жүректен алғыс білдіріп, аудандық құрама командасына жылы лебізін жеткізді.
-Біз енді алдағы жылды жоспарлауымыз керек. Қандай кемшіліктер болды, неліктен жеңіл атлетикадан көрсеткіш төмендеді, футбол командасы неліктен іріктеу ойындарынан өте алмай қалды? Сұрақтар бар. Сараптаңыздар, зерделеп ой түйіңіздер. Кемшіліктерімізді ашық айтып, жұмыс жасауымыз керек. Қажет болса қосымша қаражат қарастырамыз, деді Берік Қуанышұлы.
Сонымен қатар аудан әкімі барлық спорттық нысандардың толыққанды жұмыс істеуі керек екенін айтты. Олар қаңырап бос тұрмауы керек. Күнделікті жастардың спортпен айналысуына жағдай жасалуы керек екенін ескертті.
Добавить комментарий